«Ақылды бала» дамыту орталығының жетекшісі: Минутына 3-4 сөз оқитын баланы 30-35 сөзге дейін оқуға үйретеміз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақылды бала» дамыту орталығының жетекшісі: Минутына 3-4 сөз оқитын баланы 30-35 сөзге дейін оқуға үйретеміз

29.05.2018

«Ақылды бала» дамыту орталығының меңгерушісі Айгүл Рахметқызы мен орталық білімгерлері «Таңшолпанның» қонағы болып, өнер көрсетті.

«Біз мемлекеттік білім орталығы болмасақ та, мемлекеттік стандарт бойынша білім береміз. Орталығымызда балаларды дамыту үшін түрлі үйірмелер бар. Мектеп бағдарламасын, үй тапсырмасын үйретумен қатар, біз балғындарды өнерге баулимыз. Орталыққа балаларды 1,5 жастан бастап қабылдаймыз.

Енді өсіп келе жатқан сәби айналасына қарап, ұсақ моторикасын дамытады, түстерді ажыратады. Одан кейінгі 3-4 жастағы баланы кешенді дамыту жүргізіледі, яғни, тақпақ жаттату, ертегі айту арқылы дамытамыз. 5-6 жастағы баланы мектепке дайындаймыз. Қазір бала мектепке әріпті де, санауды да біліп барады. Оқу жылдамдығы бойынша минутына 3-4 сөз оқитын баланы 30-35 сөзге дейін оқуға үйретеміз», - дейді Айгүл Рахметқызы.

 

 

Толық нұсқа

 

Хабарламаларға жазылу