Канн фестивалінде Қазақ ұлттық өнер оқу орны таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канн фестивалінде Қазақ ұлттық өнер оқу орны таныстырылды

30.05.2018

Қазақ Ұлттық өнер университеті Кино және теледидар факультетінің меңгерушісі Талғат Тұрғанбайұлы және көркемфильм режиссурасы мамандығының 4-курс студенті Нұрсұлтан Жақсарұлы студия қонағы болды. Студия қонақтары жуырда 71-ші Канн фестиваліне барып қайтқан болатын.

 

«Самалдың Канн фестивалінде алған жеңісі Қазақ елінің жетістігі деп санаймын. Себебі Самал Еслямова мен  Сергей Дворцевой қазақ елінің тумалары. Бұл қазақ тарихында болмаған дүние. «Айка» фильмі өзі қызықты жайттарға толы. Мысалы, фильм аяқталмағанына қарамастан, байқауға  шақырылған. Алайда, фильм уақытында түсіріліп, ерекше болып шықты.

Канн фестивалі қарапайым тілмен айтқанда өнер олимпиадасы. Әлемдегі 3000 фестивальдің ішінде ең мықтысы – Канн фестивалі. Фестивальдің ерекшелігі - ұсынатын фильмнің премьерасы тек Канн фестивалінде көрсетілуі тиіс.  Демек, жаңа туынды болуы тиіс», - дейді Талғат Тұрғанбайұлы.

 

«Канн фестивалінде Қазақ ұлттық өнер оқу орны таныстырылды. Біз Кино мектебімізді таныстыру үшін арнайы павильон орнаттық. Көрмеде екі қысқаметражды картина көрсетілді. Ол Қазақстан киносыншыларының бағасын алған «Самал» фильмі және менің «Қасапшының бір күні» деректі фильмім.

Өзім Тараз қаласының тумасымын. Бірақ фильмде Астана төңірегінде тұратын қасапшының өмірі туралы түсіргім келді. Бұл фильмім үш жеңіске жетіп, арнайы стипендия алдым», - дейді Нұрсұлтан Жақсарұлы.

 

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу