Әнші Нұрболат Абдуллин Алматы студиясының төрінде қонақ болып, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.
«Жақында Алматыда жеке ән кешім өтті. Үлкен ағаларымыздың батасын алып, халықтың қошеметіне ие болдым. Енді Астана қаласында концерт беру ойымда бар. Ол концерт ерекше өтеді. Халықты қызықтыратын жаңа дүниелер жасап жатырмыз.
Жақында түсірген «Біздің елдің қыздары» бейнебаяны халықты біраз шулатты, оның ішінде қазақтың жас жігіттерін. Әндегі қазақ қыздарын мақтағанымызды жігіттер түсінбей жатқан секілді. Қыздарымызды мақтағанымызда тұрған не бар, мақтай беру керек. Себебі, олар біздің анамыз, апа-қарындастарымыз. Қыз баланы сыйлауымыз қажет.
Әншілік өнермен қатар, актерлік қырым бар. Бойыңда талантты сезсең, оны дамыту үшін еңбек ету керек. Өнер адамына жалқаулыққа бой беруге болмайды. Әрдайым ізденісте болып, қолдан келгенше күш-қайратын сол жолда жұмсауы тиіс», - дейді өнер иесі.