Ең кішкентай танымал вайнер Әмина анасымен «Таңшолпанда» қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ең кішкентай танымал вайнер Әмина анасымен «Таңшолпанда» қонақта

01.06.2018

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай студияға кішкентай қонақтар келіп, өнер көрсетті. Ол танымал вайнерлер Әмина, Аружан, Әдия және аналары Арай Малғаждар.

1,5 млн. көрермені бар кішкентай жұлдыздар өз өнерлерінің құпиясымен, болашақ жоспарларымен бөлісті.

«Әминаның қылықтары 1,5 жасында басталды. Сол сәтте мен YouTube желісінде парақша ашып бердім. Пародия түсіріп, вайнды ғаламторға салып отырдық. Кейін Әдия әпкесіне еліктеп қосылды. Ал, Аружан өзі дарынды болып туды. Екінші жағынан осындай ортада өсіп келеді. Кішкентай болса да, үлкен адамдар сияқты. Келешекте актриса болады деп ойлаймын. Үш қызым да киноға түсіп үлгерді.

Шетелдерге қонаққа шақырып жатыр. Биыл отбасылық жағдаймен бара алмадық. Болашақта әлі ел аралаймыз деп ойлаймын», - дейді анасы Арай.

«Мектепті жақсы бітірдім. Қазір демалыстамыз. Сауат ашу мен математика пәндері ұнайды. Вайн түсіру қиын емес, көбінесе ене мен келін туралы түсіреміз. Келіні мен енесі менің анам мен әжем секілді тату болуы керек. Ене келінін қызындай жақсы көру керек. Мен келін болғанда енеммен вайн түсіремін», - дейді Әмина.

 

 

«Толық нұсқа»

Хабарламаларға жазылу