«Түйенің зәрі, жыланның сорпасымен емдейтіндер» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түйенің зәрі, жыланның сорпасымен емдейтіндер»

02.06.2018

«Адамға шама келсе өлмеу керек, өлмеу үшін өмірге келмеу керек» деген бар. Жарық дүниеге келген екенсің, 12 мүшеңнің әрқайсысы уақыт өте сыр беретіні белгілі. Жасыратыны жоқ, арамызда алдын ала тексеріліп, «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейін» деп қамданатындар аз. Әбден дерт дендегенде жанымызды қоярға жер таппай, жер-көктен дертке дауа іздейміз. Тамырға ине салдырып, кереуетке таңылып жатқаннан гөрі қазір елден естіген емге басы ауып кететіндер көбейді. Ғаламтордағы «тәніңдегі дертті түрлі тәсілмен тазалап тастаймыз, ауруды мүлдем ұмытасыз» деген жарнамалар жұрттың жарғақ құлағын жастыққа тигізбейтін болған. Біз білетін медицина келмеске кетіп, дертке дауа болар басқа ұтымды ұсыныстар келді екен деп елегізіп қалады.

 

Қазір сырқаттарды түйенің зәрімен емдеп жатыр. Шұбатпен араластырып ішкізеді екен. Бұл расында дертке дауа бола ма? Нақты жауабы жоқ. Бұдан бөлек, кірпі мен жыланды қайнатып, сорпа жасап ішкізіп адам емдеп жүргендер туралы да дақпырт көп. Миллиондаған лаборатория мен сансыз дәрігердің қатерлі ісікке қарсы таппай жүрген дәрісі расында қорадағы малдың зәрі дегенге сенуге бола ма? Біз атаған ем-домның қайсысы өтірік, қайсысы шын?

 

 

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу