Әр елдің салты басқа. Сондай-ақ, рәміздері де бір-біріне ұқсамауы – шарт. Өйткені, олар бүтін бір ұлыстың рухы мен табиғатынан хабар береді. Алайда, әлемде байрақтары бірдей елдер де кездеседі.
Мысалы, Монако мен Индонезияның Туларын ажырату мүмкін емес. Бұларға Польшаның да Туы қатты ұқсайды. Ал, Норвегияның байрағынан мемлекеттің Туын табуға болады.
Мұндай жағдай Әнұрандар арасында да кездеседі. Израильдің екінші гимніне айналған «Алтын Иурусалим» әуені басктердің бесік жырынан алынған екен. Малайзияның да ерлік жыры ұрланған екен.
Әлемдегі ең ұзақ гимн гректердікі. Оның ұзақтығы – 158 шумақ. Ал, ең қысқа әнұран жапондарға тиесілі. Ол небәрі төрт жолдан тұрады. Сондай-ақ, ол ең ескі әнұрандар қатарында. Ал, ең ескі гимн - шумерлердің салтанатты гимні. Ол археологтар тапқан тақшаларға шамамен 3000 жыл бұрын жазылған екен.
Ал, ең жас әнұрандардың бірі ретінде еліміздің басты әуенін атап өткен жөн. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны 2006 жылы қабылданды. Шәмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нәжімеденовтың «Менің Қазақстаным» әні аз-кем өзгерістен кейін мемлекеттік рәміздер қатарына енгізілді. Жаңа гимн ең алғаш рет Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.