Тимур Спатаев денесін үш шегеде ұстап «Таңшолпан» студиясында жаңа рекорд орнатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тимур Спатаев денесін үш шегеде ұстап «Таңшолпан» студиясында жаңа рекорд орнатты

08.06.2018

Қол күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР рекордшысы Тимур Спатаев әлемде бұрын-соңды болмаған рекорд орнатты.

Қол күрестен xалықаралық дәрежедегі спорт шебері Тимур Спатаев 2018 жылы наурызда үшкір шегелердің үстінде кеудені жерден 11 рет көтеріп, рекoрд қойған болатын. Бүгін «Таңшолпан» студиясында кеудені 15 рет көтеріп, өз рекордын жаңартты.

Оның рекордын Қазақстан рекордтар кітабының Астана қаласы бойынша ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов тіркеді.

 

«Соңғы рекордтар Астанада жасалып жатыр. Мысалы, қара күш иесі, грелка үрлеуден әлемдік рекорд орнатқан Сергей Цирульниковтің нәтижелері таңқалдырып жатыр. Шетелден қоңырау соғып, шақыратын ойлары бар екенін білдіріп жатыр. Жуырда өздеріңіз көргендей, Сергей Цирульников 160 тонна тепловозды орнынан қозғалтты.

Қазақстанның рекордтар кітабы деп аталғанмен, кітапқа тек рекордтар емес, ерекше құбылыстар да жазылады. Мысалы, Қазақстандағы ең биік ғимарат немесе династиялық ғалымдар, дәрігерлер отбасы», - дейді Қуандық Құдайбергенов.

«Шеге үстіне тұруды жасаған адамдар болғанымен, оны ешкім соңына жеткізіп, рекордқа тіркелмеген. Қазіргі жаңа рекордым үш шегеде денеңді ұстау. Рекордымды Астананың 20 жылдығына арнаймын», - дейді Тимур.

 

«Толық нұсқа»

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу