Мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін дәрі-дәрмек неге жетпей қала береді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін дәрі-дәрмек неге жетпей қала береді?

09.06.2018

Тек біздің мемлекеттің емес, тұтас әлемнің жарғақ құлағын жастыққа тигізбейтін індет, ол - мүгедектік. БҰҰ-ның 1975 жылғы мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы туралы декларациясында: «мүгедек - ол жүребарды науқастану, жарақат алу, апатқа ұшырау немесе кемтар болып туу салдарынан адамның мүлдем не уақытша еңбек ету қабілетінен айырылуы» делінген. Қазіргі есеп бойынша әлемде 1 миллиардқа жуық адамның мүмкіндігі шектеулі екен. Өкініштісі, өмірге енді келген нәрестелердің арасында кемтар боп туылатындар тым көбейіп кеткен. «Оған себеп көп - экологиялық апаттар, ішіп-жейтін ас-судың құрамындағы химиялық қоспалар», - дейді ғалымдар. Қалай дегенмен, мүмкіндігі шектеулі жанды бағып-қағуға, барынша аяқтан тұрғызуға міндеттіміз. Осы мақсатта «Мүгедектердің құқықтары туралы» конвенция қабылданып, оған 150 ел қол қойды. Өйткені, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамнан шеттету, оларға тиісті жағдай жасамай, немқұрайлы қарау белең алған.

ЮНЕСКО-ның мәліметіне сүйенсек, дамушы мемлекеттердегі мүгедек балалардың 60 пайызы тиісті жәрдемге жете алмай қаза табады екен. Одан бөлек, мүмкіндігі шектеулі жеткіншектердің 90 пайызы мектепке қабылданбайды, тиісінше әріп танымай қалады. Кез келген қоғамның сүйегіне таңба болатын осы олқылықтарды жою үшін қазір әлемнің алпауыт елдері өзгелерге үлгі болуға кірісті. Статистика бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға ең қолайлы деп танылған Ұлыбританияда 10 миллион мүгедек бар екен. Оларға жәрдемақы төлеу үшін қазынадан жылына19 миллиард фунт стерлинг бөлінеді делінген. Одан бөлек, дәрі-дәрмек, арба, құлақ пен көзге қажетті аппараттар алатын болса, жеңілдік беріледі. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азамат үй алса, ол жерге мемлекет пандус немесе арнайы жеделсаты қоюға міндеттеледі. Ал, бізде ше? Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған елдің мүмкіндігі шектеулі балаларға жасаған мүмкіндігін Еркін Съезұлы айтады.

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу