14 маусым Дүниежүзілік қан доноры күні. Статистика бойынша, дені сау адамның 450 грамм қаны үш адамның өміріне араша бола алады. Сонымен қатар, сіз өз денсаулығыңыз жайында толық ақпарат біле аласыз.
Қан орталығына келгенде ең алдымен қан доноры сауалнама толтырады. Содан кейін терапевт дәрігер тексеру жүргізеді. Егер қан мөлшері мен денсаулығыңыз талапқа сай болса, донор болуға рұқсат беріледі.
Заңға сәйкес, ақысыз қан тапсырған адам сол күні жұмыстан босатылады, қосымша тағы бір күнге анықтама беріледі. Сондай-ақ, күш қуатын қалпына келтіру үшін 0,25 АЕК есебінде ақша төленеді.
Талапқа сай 18 жастан асқан азаматтар ғана донор бола алады. Дегенмен, олардың өзіне шектеу бар. Жұқпалы аурумен ауырғандар, онкологиялық және жүрек-қан тамыры ауруларымен ауырғандардан қан алынбайды. Сондай-ақ денесіне сурет салғандар мен татулары бар адамдардан қан алынбайды.
Донор болу арқылы денсаулығыңызды қалыпқа келтіре аласыз. Тұрақты түрде донор қан тапсырса, жүрек-қан тамыры ауруларының қауіпі бірнеше есеге төмендейді, иммундық жүйенің жұмысы жақсарады, қан ұю процесстеріне жақсы әсер береді және өмір сүру уақыты қан тапсырмаған адаммен салыстырмағанда 5-7 жылға ұлғаяды.
Сіз де донор болуға асығыңыз!
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.