Солақай баланы оң қолға үйрету керек пе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солақай баланы оң қолға үйрету керек пе?

18.06.2018

Жер бетінде адамдардың 10 пайызы солақай болып туады. Егер балаңыздың сол қолымен жұмыс істеу икемін байқасаңыз психологқа көрсетіңіз. Себебі маман түрлі тест жаттығулар арқылы баланың оң қолға үйретуге болатынын не болмайтынын анықтайды. Кейбір солақайлар оң қолымен жазу жазып, қалған жұмысты сол қолымен істейді. Оларды жартылай солақай деп атайды. Ал, оң қолы мүлдем икемге келмейтін солақайды мәжбүрлеудің қажеті жоқ, дейді мамандар.

«Баланы сол қолмен емес, оң қолмен жаз деп түзеткен жағдайда бала невроздық ауруға ұшырауы мүмкін. Тіпті, кекештік және тағы басқа ауруларға да шалдығуы мүмкін», - дейді мамандар.

Екер мектептегі баланы оң қолымен жазуға мәжбүрлесе ол оның дамуына кері әсер беруі мүмкін. Себебі баланың өзіне деген сенімі азайып, өзін ыңғайсыз сезінеді. Ол сабаққа барғысы келмей ортаға бейімделуі қиын болады. Солақайлардың оң жақ ми қабаты жақсы дамыған. Сол себепті олар есепті, шешендік өнерді тез игереді.

Сондықтан сезімтал келетін балақайларға көп талап қойып, оң қолға үйретуге болмайды.

 

«Толық нұсқа»

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу