Елімізде Нобель сыйлығына ұсынылған физик кім? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде Нобель сыйлығына ұсынылған физик кім?

20.06.2018

Еліміз бойынша химия, физика саласына үлес қосқан жандар аз емес. Шетелдік ғалымдар тарапынан мойындалып, ерекше құрметке ие, Хабиболла Оспанов 4 халықаралық ғылыми жаңалық ашқан профессор. Оның бірі  - металдар мен минералдардың тез еру тәсілін тапқан. Ғалым 86 жасар ғалым 7 жыл бұрын Нобель сыйлығына ұсынылған.

Хабиболла Оспанов саналы ғұмырын ғылымға арнаған, еңбектері ұшан-теңіз. Соңғы жаңалығын профессор 81 жасында ашқан. Ғылыми жаңалықтардың халықаралық ассоциациясы профессорды 2003-2013 жылдары физика, химия саласында ашқан жаңалықтары үшін арнайы дипломдармен марапаттады.

Онымен қатар Хабиболла Оспанов ұзақ жылдар бойы жастарды тәрбиелеуде үлкен еңбек сіңірді.

Хабиболла Оспанов 8 баладан 12 немере, 3 шөбере сүйіп отыр. Зайыбы Айшагүл Батырбекқызы ғалымның барлық іс-қағаздарын жүргізіп, ашқан жаңалықтарын, жазба нұсқасын сақтап жүрген көмекшісі.

Хабиболла Оспановтың мыңнан астам ғылыми жұмысы бар. Оның ішінде 15-і өнертабыс пен патенттерге авторлық куәліктің иегері. Ол 122 монография жазған. Оның 5-і Лондонда, 2-і Германияда, біреуі Мәскеуде шыққан. Сонымен қатар ғалым 30-дан аса оқулықтар мен оқу құралдарын шығарған. Онымен қоса Англияның Кембридж университеті шығарған «21-ші ғасырдағы үздік 100 ғалымы» кітабына енген тұлға. Ғалым 48 ғылым кандидаты, 6 ғылым докторы мен 3 Phd докторын дайындап, ғылым саласына бағыттады.

 

«Толық нұсқа»

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз. 

Хабарламаларға жазылу