ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, композитор Төлеген Мұхамеджанов студия қонағы болды.
«Мәдениет және спорт министрлігінің ұсынысымен бүгін Астананың 20 жылдығына арнап есеп беру кешім өтеді. Биыл Астанаға көшіп келегеніме – 20 жыл. Сондықтан кешімді «Астана – менің тағдырым» депатадым. Бұл концерт, алдымен, өз-өзіме есеп беру концерті.
Бүгінгі музыканың деңгейі – биік. Қазіргі жастарға тамсанамын. Жастар өте дарынды. Әртүрлі музыкалық шоуларға көзқарасым жақсы. Бірақ, оны өмір салтына айналдырмау керек. Өйткені өмір - шоу емес.
Жасыратыны жоқ, концертіме өзім таңдап, бағалайтын, менің жазған әндерімді орындайтын әншілер қатысады. Ол Роза Рымбаева, Мейрамбек Беспаев, Жанар Дұғалова, Алтынай және үйдегі ханшайым - жұбайым. Бұлардың өнеріне тамсанамын», - дейді өнер иесі.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.