Елімізде аборт жасатқандардың тізімінде кәмелетке толмағандардың саны басым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде аборт жасатқандардың тізімінде кәмелетке толмағандардың саны басым

23.06.2018

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 2003 жылы аборт жасатқан бұрымдылардың саны 41,6 миллион болған. Ал, 2008 жылы жатырындағы періштені жасанды жолмен алып тастаған әйелдердің саны 43,8 миллионға жеткен. Бұл онсыз да туу көрсеткіші төмендеген адамзатты тағы бір тығырыққа тіреді.

Яки, 1 жылда жасанды түсік жасатқан азаматшалардың 70 мыңнан астамы ота барысында көз жұмады, 5 миллионы мүгедек болып қалады. Өкініштісі сол, әлемдегі 252 елдің ішінде тек Никарагуа, Сальвадор, Чили, Мальта, Филиппин және Ватикан ғана жасанды түсікке заңмен тыйым салды.

Басқа мемлекеттерде шақалақты адамның қолымен алдырып тастауға кедергі жоқ. Елімізде де аборт жасатқандардың тізімінде кәмелетке толмаған қарындастарымыз жетіп артылады. Ресми мәліметке жүгінсек, Қазақстанда 2012-2016 жылдар аралығында 15 жасқа дейінгі қыздар арасындағы аборттар саны  219, 15 пен 18 жас аралығындағы бойжеткендер арасында жасанды түсік жасатқандардың саны – 8726-ға жеткен.

Жалпымыздың жанымызға батқан мәселені Гүлжазира Ғалиқызы зерттеп көрді.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу