Ғалымдар: Жасанды ұрықтандыру арқылы бала сүю адамзаттың ұлттық ерекшелігін түбегейлі жояды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар: Жасанды ұрықтандыру арқылы бала сүю адамзаттың ұлттық ерекшелігін түбегейлі жояды

23.06.2018

Төрткүл дүниені былай қойғанда біздің елде бедеулік пен белсіздік белең алған. 2017 жылдың қараша айында «Қазақстанда бір жылда үйленген отбасылардың 20 мыңы табиғи жолмен ұрпақ сүйе алмай пұшаймен болады» деген ақпарат шықты. Бұл үлкен қатер. Ұлтты ұрпақсыз қалдырмау үшін Қазақстан қолынан келгенін аяп жатқан жоқ. Ел арасында ЭКО аталып кеткен, денеден тыс ұрықтандыру арқылы бір баланы аңсап күткен отбасыларға жәрдем жасауды қолға алды. Арнайы квота да тағайындап қойды.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы 22 жылда 14 мың бала дүниеге келген. Оның 1532-сінің қаржысын мемлекет көтерді. Өйткені, ЭКО дегеніңіз арзан дүние емес. Мәселен, АҚШ мен Еуропада бедеулікке шалдыққан отбасылар үшін бала сүюдің құны 10 мың доллар, Ұлыбританияда 12 мың фунт стерлинг екен.

Баланы денеден тыс ұрықтандыру арқылы қалай өмірге әкелуге болады деген зерттеу алғаш 1944 жылы Америкада басталған. Арада 34 жыл өткенде 1978 жылы Луиз Браун есімді қыз бала ЭКО арқылы дүниеге келген алғашқы адам болды. 2 келі, 608 грамм салмақпен туылған азаматша биыл 40 жасқа толды. Екі баланың анасы. Бірақ, ғалымдар жасанды ұрықтандыру арқылы бала сүю адамзаттың ұлттық ерекшелігін түбегейлі жояды деп дабыл қағуда. Бұл тәсілдің тағы қандай қатері бар? Осы тақырып турасында Еркін Съезұлы айтады.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу