Қасиетті сусынымыз қымыз мұхит асып, таңдаулы астың біріне айналып үлгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасиетті сусынымыз қымыз мұхит асып, таңдаулы астың біріне айналып үлгерді

04.07.2018

Үйірілген сары алтындай сары қымыз ауруға - ем, сауға - қуат. Ежелден түркітектес халықтардың ұлттық сусыны саналған қымыздың адам денсаулығына пайдасы зор. Тарихи аңыздарда пенденің күнәсінен тазарту үшін боз биенің шұбатына шомылдырылғаны айтылады. Сонымен қатар қымызды ру, тайпаралық келісімдерде, өзара ант беру кезінде ішілгенін аңғаруға болады.  

Бұл сусын көптеген халықтарда ертеден-ақ белгілі. Оның түп-тамыры сонау скифтерге дейін барады. Грек тарихшысы Герадот скифтердің бие сүтінен сусын ашытатынын айта келіп, олардың сүт консервілеу құпиясын мұқият сақтайтынын, ол құпияны ешкімге айтпайтынын жазған.

Қымызды қазақтан басқа қырғыз, татар, башқұрт халықтары да емдік сусын ретінде ішетін. Халық емшілігінде ата-бабаларымыз қымызды асқазан, өкпе, ішек ауруларына ем ретінде пайдаланып келген. Ол үшін қымызды еш уақытта темір ыдысқа құйып, сақтамаған.

Қазіргі медицинада да қымызды өкпе, кейбір ісік, жүйке-жүйесі, безгек және тағы басқа ауруларды емдеуге жиі қолданып келеді.

Бүгінде қасиетті сусынымыз мұхит асып, өзге ұлт өкілдерінің таңдай жібітер, таңдаулы асының біріне айналып үлгерді. Тіпті қымыздың құрғақ ұнтақ түрі де нарыққа шығып, сұранысқа ие бола бастады.

Қалай десек те қымыз – жылқы мінез қазақтың 12 ай ішер төл сусыны болып қала бермек.

 

«Толық нұсқа»

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.   

Хабарламаларға жазылу