«Мәселе» бағдарламасы көпбалалы отбасының баспаналы болуына жәрдемдесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мәселе» бағдарламасы көпбалалы отбасының баспаналы болуына жәрдемдесті

14.07.2018

«Мәселе» бағдарламасы осы жылдың қаңтарында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында жалдамалы пәтерде тұратын Манап Серікбаевтың отбасын көрсеткен. Жігіт ағасының жары, 4 баланың анасы 2016 жылы небәрі 31 жасында аты жаман аурудан бақилық болған. Сол кезде полиция сапында қызмет еткен Манап балалары отбасы махаббатынан қол үзіп қалмасын деп қызметін тастаған. Содан бері қолы қалт етсе бөбектеріне нан табу үшін аула сыпырып жүрген. Қыста осы отбасын Бурабайға апарып, бөбектерді қыдыртқан кезде, оларға пәтер әперуге тырысатынымызды айтқанбыз. Біраз талпындық, көбінде тауымыз шағылды. Бірақ, жуырда «Харекет» қайырымдылық қорының мүшелерімен жолығып, уағдаласып, күні кеше Серікбаевтар отбасына пәтер сыйлап қайттық. Осы қайырымды істің басы-қасында болған Сәбит Әлдебайдың сюжетін назарларыңызға ұсынамыз. 

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу