Рахман Алшанов: Қазақстанда ашылмаған сыр көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рахман Алшанов: Қазақстанда ашылмаған сыр көп

05.09.2018

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасына қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Тұран университетінің ректоры, Қазақстан ЖОО қауымдастығының президенті Рахман Алшанов келді.

Ол «Мәдениет», «Білім және ғылым беру туралы» заңдардың жобасына, Еңбек және Салық кодекстерінің жобаларын талқылауға белсенді қатысқан.

Ол кейінгі жылдары тарихи-зерттеу жұмыстарымен айналысып жүр. «Жиырма мыңжылдықтың құпиялары» деген атпен үш кітабы жарық көрген. Төртінші кітабы дайындалып жатыр. Неміс ғалымдарының «Авеста» кітабында еліміздің тарихы туралы қызықты мәліметтер келтірілген. Ол осы мәліметтерді топтастырған.

Кітаптан мынандай қызықты мәлімет келтіре кетейік. Су тасқыны уақытында Арал мен Каспий теңізі қосылған. Алғаш су тасқыны жиырма мың жыл  бұрын орын алды. Тұран аймағында 3 рет табиғи апат болды. Су тасқынының көлемі – 1 млн км2.

Ол Қазақстан экономикасына қатысты бір ауыз сөз қозғады. Қазақстан мұнайдан бас тартпайды. Жаңа салаларды да дамытып келеді. Мысалы, зығырды өндіруден еліміз бірінші орында. Сол сияқты ұн өндіруден де алғашқы орынды бермей келеміз. Ұн өнеркәсібінде Ресей мен Өзбекстан – біздің бәсекелестеріміз.

Туризм дамыды, жол, инфраструктура саласы жолға қойылды. Ішкі туризм 280%-ға өскен. Алакөл, Бурабай, Алматы ішкі туризмді дамытуға мол үлес қосып келеді. Инвесторлар тартылуда.

Доллар туралы да сөз қозғады. Долларды басқа валюта ауыстырмайды. Доллар – қазір  Американың ғана валютасы емес, әлемдік айналымдағы алмасу құралы.

Сауданы басқа валютамен жасап, доллардың құнын төмендетуге болады.

Хабарламаларға жазылу