«AgroQazaqstan». Өтемақы алу жеңілдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«AgroQazaqstan». Өтемақы алу жеңілдеді

05.09.2018

Бүгінгі «AgroQazaqstan» бағдарламасында өтемақы алу жолдары, сандық технология, ауыл шаруашылығының жұмысын тиімді ету тақырыптары қозғалды.

Агросақтандыру. Өтемақы алу жеңілдеді.  3 жылда немесе 5 жылда айналып соғатын қуаңшылық шаруашылықты тұралатып кетеді. Алайда бұл қиындықтан шығатын жол бар. Ол – агросақтандыру. Егіс алқаптарын сақтандыру шаралары биыл біршама өзгерді. Енді шаруалар алысқа сабылмайды. Web портал арқылы құжаттарын рәсімдесе, өтемақы алудың еш қиындығы жоқ.

Жыл сайын агро сектордың субъектілері климаттық өзгерістерден зардап шегеді. 2004 жылғы «Өсімдіктерді міндетті сақтандыру» туралы заңға сәйкес, дәнді-дақылдар, қант қызылшасы, мақта, өсімдік майын еккен шаруалар сақтандыруға міндетті. Дәнді-дақылдарды сақтандыру төлемі 3 топқа бөлініп, облыс бойынша әртүрлі тариф белгіленген. Жаңа жоба бойынша, бүкіл егістікті емес, жекелеген танапты ғана сақтандыруға болады.

Игерілмеген жердің иесі өзгереді. Жерді игермей, қараусыз қалдырған жер иелеріне тықыр таянды. Жамбыл облысының өзінде 12 000 га жер қайтарылған. Оның жартысы өңделіп, келесі жылғы егінге дайындалып жатыр.

Сандық технология – түсімді арттырудың ең тиімді жолы. Егістің түсімі ауа райына тікелей байланысты. Құбылмалы климат шаруаларға қиындық туғызады. Тығырықтан шығар жол – сандық технология.

Бақшадан – зауытқа, зауыттан – нарыққа. Алматы облысында      150 га жерге жеміс ағаштарын еккен серіктестікте жиын-терім жұмыстары қызып жатыр. Күніне 10-15 тонна жеміс зауытқа жеткізіледі. Зауытта тосап пен шырын жасалады да, дайын тауар нарыққа түседі.

Толығырақ «AgroQazaqstan» бағдарламасынан біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу