Бүгін ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Абдуллин 54 жасын атап өтуде. Әнші Алматы студиясының төрінде қонақ болып, өмірдегі, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.
«Өмірдегі ең қымбат сыйлықтардың бірі – сыйға тартылған үй. Тұлпар мінген күндерім де болды. Мені қымбат әншілердің бірі дейді, Бірақ мен үшін елдің батасы қымбат.
Атам домбыраны жақсы меңгерген жан болған. Бойымдағы өнер аталарымнан сіңген. Себебі ата-әжелерім өнер адамдары болған.
Мен үшін туған күн істеген ісің, қоғамға келтірген пайдаң», - дейді өнер иесі.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.