«Shaniraq»-қа Салықовтар отбасы қонаққа келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Shaniraq»-қа Салықовтар отбасы қонаққа келді

13.09.2018

«Shaniraq» бағдарламасында «Баланың балалығын ұрладық па?» тақырыбы көтерілді. Қонаққа Салықовтар отбасы келді.

Ақкербез Салықова мектеп табалдырығын Өнер мектебінен аттаған. Қазір Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы. Мектепте болатын интеллектуалдық үйірмелерді сабағымен қатар алып жүр.

Ал Әйгерім Салықова «Дарын» мектебінің 5-сынып оқушысы. Ол тағылымды таным, вокал үйірмелеріне қатысады.

Ал үйдің кенжесі Нұрсамат Салықов 2-сынып оқушысы. Әзірге футболға ғана қатысады. 

Клара Төленбаева отбасы мен кәсіптің арасынан бақыт таптым дейді. Ол бала тәрбиесіне аса мән беретінін айтты. Ол балаларына сабақ бірінші орында тұратынын үнемі ескертіп отырады.

Медет Салықов балаларының бәрінің өнерге жақын екенін, оларды өнерді таңдауға еш мәжбүрлемегенін айтты. Оның айтуынша, бұл – балаларының өз таңдауы.

Хабарламаларға жазылу