«Диета.kz» тобының әншісі Жасұлан Базарбай Алматы студиясының төрінде қонақ болды. Әнші өнердегі және өмірдегі жаңалықтарымен бөлісті.
«Жақында екі бейнебаянның тұсаукесері өтеді. Бірінші бейнебаянда біз болмаймыз. Екінші бейнебаянда кадрға түсуіміз мүмкін. Тобымыздың әндері жеңіл, әзіл, билеуге ыңғайлы. Ниетіміз – халықтың көңілін көтеру.
Нұрбақыт жақын арада екінші рет ұлды болды. Бұл топтың қуанышы. Өзім үш баланың әкесімін. Балаларым, әсіресе қызым туралы көп сағат отырып әңгіме айта аламын. Қыздың орны бөлек екен. Қызым екеуміздің махаббатымыз ерекше. Қыз баланың әкеге әсері көп, жақын болады екен.
«Гүлмаралым» - топ қоржынындағы әйеліме арнайы жазылған ән. Әйел затын қанша еркелетсек те жарасады. Қанша ән арнасақ та көптік етпейді», - дейді қонақ.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.