Бақытбек Смағұл: Егеменді елін, ана тілін менсінбесе ол адам қай жақтың азаматы? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақытбек Смағұл: Егеменді елін, ана тілін менсінбесе ол адам қай жақтың азаматы?

25.09.2018

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл «Таңшолпанның» қонағы болды.

«Біз өзімізге «кімбіз?» деген сұрақ қоюымыз керек. Сол кезде жауап шыға келеді. Біз мемлекеттік тілді сыйлауымыз керек. Өз елімізде өгейдің күйін кешіп отырғанымызға өзіміз кінәліміз. Қай тілдеде білімді меңгергеніміз жақсы. Бірақ ұлттық санамызды оятуымыз керек.

Егеменді елін, ана тілін менсінбесе ол адам қай жақтың азаматы? Тіліміз бай, дініміз асыл, терең тарихымыз бар. Тек соны пайдалана білу керек. Өткен тарихты мойындап, жастарға өнеге беруіміз керек», - дейді қонақ.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу