Елбасының тапсырмасы бойынша 4 шілдеден бастап «7-20-25» бағдарламасы жұмыс істеп жатыр. Бұл Елбасымыздың елге үлкен көмегі. Бағдарлама өте үлкен сұранысқа ие. Осы уақытқа дейін 33 млрд теңгеге өтініш келіп түсті. Оның 22 миллиарды мақұлданды.
Бұл бағдарлама жеңіл жол емес. Сондықтан осы бағдарламамен үй алуды көздеп жүрген азаматтарға мынадай бес кеңес береміз: ешқашан тоқтап қалмау; ипотека алуды әбден ойланып шешу; «7-20-25» бағдарламасы шеңберіндегі барлық ақпаратты тексеру; тұрғын үйді салушымен саудаласу; ипотеканы 25 жылға алу міндетті емес.
Ипотека алудың талаптары бар. Біріншіден, ипотека алушы Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек, оның атында үй мен ипотекалық несиесі болмауы керек.
«7-20-25» бағдарламасы – баспаналы болудың жаңа мүмкіндігі. Бағдарламаға республиканың тұрақты табысы бар азаматтары қатыса алады.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.