Азияда тұңғыш рет Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы әлемге белгілі «Нотр-Дам де Пари» мюзиклінің қазақ тіліндегі нұсқасы қойлады.
Алғаш рет Виктор Гюгоның шығармасының желісі негізінде жасалған туынды 20 жыл бұрын Париждің төрінде қойылған.
«Астана мюзикл» мемлекеттік театрының хореографы Уәлитбек Сиязбеков, театр актрисасы Ләйлә Темірхан қонақта болды.
«Астана және Алматы қаласында қызу іріктеу өтті. 1 қазан күні кастингтің екінші кезеңі басталады. Бас хореографтың талабы бойынша үміткер психологиялық, техникалық, философиялық, физикалық жағынан мықты болуы керек.
Қойылым көрерменге қазақ тілінде жол тартады. Біз мюзиклді 10-шы мемлекет болып аударып, қазақ еліне көрсетеміз. Қазақ елі үшін қойып жатқаннан кейін еш мағынасын жоғалтпай, француз тілінен қазақ тіліне жеткізу – басты мақсат.
Әлемнің жауһарына айналған «Нотр-Дам де Пари» мюзиклінің қазақша нұсқасының жарық жұлдызы болудың мүмкіндігін өткізіп алмау керек», - дейді қонақтар.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.