Жақсылық Досқалиев: Біздің медицина саласы дамыған елдерден төмен емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жақсылық Досқалиев: Біздің медицина саласы дамыған елдерден төмен емес

28.09.2018

Елімізде трансплантология саласы күн санап дамып келе жатыр. Әлемдік стандарттарға сәйкес медициналық көмек көрсету – мемлекеттік тараптан халыққа ең үлкен көмек. Бірақ бұл салада жақсылығымен қатар қиындықтары бар екені мәлім. Осы саладағы жаңалықтар туралы студия қонағы профессор Жақсылық Досқалиев сөз қозғады.

Жақсылық Досқалиев:

Әр елдің медицина саласындағы көмегі трансплантация жасауымен өлшенеді. Осыған орай біздің дамыған елдің қатарына кіреміз деген үлкен бағдарламаларымыз бар. Қазақстанда 2012 жылдан бастап трансплантация саласы өте жақсы дамып келе жатыр. Атап кетсек, елімізде 7 орталықта трансплантация жасалады. Қуантарлық жағдай, соңғы 2-3 жылдың ішінде кішкентай балалардың ағзасын ауыстыруға қазақстандық дәрігерлердің қолы жетті.

Бүгінгі таңда 1600-ден астам адамға ағзасын ауыстыру отасы жасалды. 2700 адам бауыр ауыстыруға мұқтаж. Ең күрделі ота – жүрек, өкпе, бауыр ауыстыру.

Қазақстанның заңнамасына сәйкес тірі адам донор бола алады. Ол туысы болу міндетті емес. Генетикалық байланыс пен адамның ағзасының құрамы бір-біріне сәйкес болуы керек.

Тағы бір қуантарлық жайт – қазақстандық медициналық туризм. Шетелден келіп, елімізде ота жасата алады. Біздің медицина саласы дамыған елдерден төмен емес.

 

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу