Нұртөре Жүсіп: Мемлекет деген ұғымды естен шығармауымыз керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұртөре Жүсіп: Мемлекет деген ұғымды естен шығармауымыз керек

09.10.2018

«Aiqyn» газетінің бас редакторы, журналист Нұртөре Жүсіп «Таңшолпанда» қонақ болды. Нұртөре Жүсіп Елбасының Жолдауына қатысты өз пікірін білдірді.

«Астана – саяси, бизнес, мәдениеттің ордасы. «Нұр Отан» партиясының төрағасының тапсырмасы бойынша редакциямыз Астана қаласына көшіп келді. Алматы қаласында филиал қалды. Біздің басылымға келесі жылы 15 жыл болады.

Өтпелі кезеңде салынған жаңа Астана қаласын қазақтың өз қолымен салған қаласы деуге болады. Астана қазір халық саны жағынан басым қалалардың біріне айналды. 

Биыл Елбасының Жолдауы ерекше болды. Әр саланың басшыларына жауапкершілік артылды. Бар міндетті бір адамға арта берген дұрыс емес. Өйткені әр саланың білікті маманы болады. Олар дербес шешім қабылдауды үйрену керек. Сол кезде ауылдан бастап Ақордаға дейінгі ұсақ-ірі мәселелері шешіліп отырады.

Одан кейін мемлекет деген ұғымды естен шығармауымыз керек. Айналып  келгенде барлығы қазақ мемлекеттілігіне қатысты болу керек,  мемлекетке пайдасы тиюі керек», - дейді қонақ.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу