Өгей анамның қылықтарын ұмыта алмаймын... - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өгей анамның қылықтарын ұмыта алмаймын...

11.10.2018

Өгейліктің қиындықтарын көрген жан «Shanyraq» бағдарламасының қонағы болды. 11 жасында анасынан айырылған Айнұр басынан өткен оқиғасымен бөлісті.

 

«11-12 жас кезімде анам қайтыс болды. Ініміз екеуіміз әкемізбен қалдық. Жылы өткен соң әкем екінші рет үйленді. Бізге тек «екінші мама келеді», деді. Біз оған дейін өгей анамызды көрген емеспіз. Баламыз, ешнәрсе түсінбейміз. Осылайша, әкеміздің бұл шешімін қабылдадық.

Жасаған қылықтарын еске алу - ауыр. Анамның дүниелерін кесіп, сындырып тастады. Ол бізге өте ауыр тиді. Кейін ініме қол жұмсай бастады. Пышақпен қолын кескен күндері болды. Тұрсақ та, отырсақ та бізге тиісе беретін болды. Әкеміз өгей анамыздың сөзін сөйледі. Бауырым екеуміз қанша сабыр сақтасақ та, бір күні шектен шығып, нағашыларымызға кетіп қалдық. Інім екеуміз мектеп бітіріп, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, қатарға қосылдық.

Қанша уақыт өтсе де, өгей анамыздың қылықтарын ұмыту мүмкін емес. Інімнің жараларын көрген сайын есіме түсіп тұрады. Қазір араласпаймыз», - дейді Айнұр.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу