Дүрәлі Дүйсебай: Чемпиондар ауылдан шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүрәлі Дүйсебай: Чемпиондар ауылдан шығады

13.10.2018

«Parasat Maidany» (Парасат Майданы) бағдарламасының кезекті шығарылымы «Джентельмендер сайысы» атауымен шықты. Бағдарлама қонағы ретінде журналист Дүрәлі Дүйсебай мен боксшы, Олимпиада чемпионы Бахтияр Артаев қатысып, ойларын ортаға салды.

Қазіргі таңда бокстың әуесқой және кәсіби түрлері бар. Әуесқой бокс 4 раундтан аспайды, ал, кәсіби бокс 12 раундтан тұрады. Дегенмен, жаңа бастаған кәсіби боксшылар 10 раундтан төмен матчтар өткізе береді. Әуесқой бокстың әлемдік ұйымы Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы деп аталады. Көпшілігі оны әдетте «AIBA» атауымен жақсы біледі. Қауымдастық құрамына 195 елдің ұлттық бокс федерациялары енген. Оның ішінде Қазақстан да бар. Ал, кәсіби бокстың 6 ірі ұйымы бар.

Бағдарлама барысында Бахтияр Артаев төбелес пен бокстың айырмашылығын атап өтсе, журналист Дүрәлі Дүйсебай мықты спортшылар ауылдан шығатындығын тілге тиек етті.

«Жалпы, чемпиондар, мықты спортшылар ауылдан шығады. Олар ұр да, жық емес, биязы болып келеді.  Бұл спорт түрінде міндетті түрде құлату мақсат емес. Бокс деген әдемілік», - дейді студия қонағы.

«Неге біздің спортшылар зиялы қауымның ажырамас бөлшегі болудан қалды?», деген сауалға Олимпиада чемпионы жауап қатты. Сонымен қатар, боксшы спортшыларды дайындау барысына тоқталды.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу