Егіншілердің еңбегі биыл тағы еш кетпей ме? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Егіншілердің еңбегі биыл тағы еш кетпей ме?

13.10.2018

Күзгі жиын-терім маусымы келмейінше, ауыл шаруашылығындағы ең маңызды сала туралы айтыла қоймайды. Тек тамыз тәмамдалды дегенде жауапты министрліктер жанталасып, гектардан алынатын центнерлерді есептеп қайтумен, ақпарат құралдары соны айтумен болады. Биыл да 18 қыркүйекте Премьер-Министрдің орынбасары және Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Үкіметтің алдында жиын-терімге қатысты ақпараттарын жеткізді.

Өмірзақ Шөкеев 20 миллион тонна астық жинаймыз деп Үкіметтің үмітін үкілеп қойды. Егер солай болса, өнімнің 9 миллион тоннасы экспортталады.

Біздің билік 9 миллион тоннаның 6 миллионын астық қылып, қалғанын ұн ретінде жібермек. «Қазақ даласындағы дәннің дәнге жиылғанын, астықтың қамбаға құйылғанын қатты күтіп отырғандар Орта Азия елдері, Ауғанстан, Иран, Қытай мен Италия», - дейді жауапты мамандар.

Биыл дәнді дақылдар 15 миллион гектар алқаптан жиналады. Оның 11,1 миллион гектары бидай, 2,8 миллион гектары майлы дақылдар. Тап осы тұста жиналған өнім қар астында қалып, текке шіріп кетпей ме деген қауіп бар.

Осы тақырып турасында Азамат Бейбітұлы зерттеді.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу