Алматы қалалық ІІД жеке күзет ұйымдарымен бірлесе жұмыс істеуге кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы қалалық ІІД жеке күзет ұйымдарымен бірлесе жұмыс істеуге кірісті

21.02.2017

Мамандардың айтуынша, бұл лаңкестік әрекеттердің алдын алуға септігін тигізеді. Сондай-ақ, қос тараптың ымыраласа жұмыс істеуі қоғамдық тәртіпті реттеуге де ықпал етеді.

 

Жалпы, елімізде жеке күзет ұйымдарының құрылғанына 15 жылдан асты. Осы уақыт ішінде олар Күзет қызметі туралы заңға 25-тен астам өзгерістің енуіне бастамашы болды. Қазір жеке күзет мекемелерінде 100 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Бұл Ішкі істер органдарында қызмет ететін мамандардың санымен шамалас.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу