Ұстаздар үшін қандай жағдай жасалмақ? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұстаздар үшін қандай жағдай жасалмақ?

20.10.2018

Қазір Мұхтар Ниязовтың мына бір шумақтары есіме түсіп тұр.

«Сен айтқан ұстаздардың бауырым-ау,

Шыбын жанын бұл күнде кім ұғып жатыр.

Көк қағазын көтеріп бермесе де,

Көп қағазын мойнына іліп жатыр.

Отыз елге кірсін деп Қазақстан,

60 мың айлықпенен жүріп жатыр.

Тоғытылған қойдай ғып көпшілігін,

Пайдасыз жиындарға тығып жатыр.

Құрқылтайдың ұясындай жатақ жалдап.

Қаншамасы сол жерде тұрып жатыр.

Көң терілі көнбістер сонда-дағы,

Елі үшін қызмет қылып жатыр.

Майшелпек ұстаздарда қайдан болсын,

Ұстаздарды майшелпек қылып жатыр».

Саналы адамның өңменінен өткізіп айтқан ақынның сөзін сын естісе шатақ шығаратын, өзінен өзгенің бәрін айыпты көретін шенеуніктер құлақтарына құйып алды деп сенейік. Елдің сөзіне естімейтіндерге Елбасы ескерту жасап «Мұғалімнің мәртебесі туралы» Заң қабылдансын деді. Әкіреңдеген қуыс кеуде әкім-қаралардың айтқанына жүруге мәжбүр мыңдаған мұғалімнің іші жылып қалды. Бұйыртып аталған заң қабылданса, ұстаздар үшін қандай жағдай жасалады? Уильям Уордтың: «жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» дегені бар. Біздің билік ұстаздарды шабыттандыруға не шаруа атқармақ?

 

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу