Желілік бизнесті кәсіп деуге бола ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Желілік бизнесті кәсіп деуге бола ма?

23.10.2018

Артық ақшаны кім жақсы көрмейді? Олай болса, көп қаржыны қалай жылдам табуға болады? Қиналмай ақша табудың жолдары туралы желілік бизнеспен айналысатындар біледі. Бүгінгі күні олардың қатарына қосылып жатқандардың да саны аз емес.

Ал, сіз желілік бизнес туралы не білесіз? Оның шығу тарихы мен қазіргі дәрежесі қандай? Желілік бизнесті кәсіп  деуге бола ма?

Өнер адамдарының арасында да желілік бизнеспен айналысатындар бар. Солардың бірі Нұрболхан Шарапов «Shanyraq» студиясының қонағы болып, өз пікірімен бөлісті.

 

«Желілік бизнесті кәсіп, қосымша жұмыс немесе хобби қылуға болады. Өзім телевизия саласында қызмет атқарамын. Бірақ, қосымша жұмыс ретінде желілік бизнеспен айналысамын. Кез келген желілік бизнесте тауар болады. Ол тауарды өткізу, адамдарды жинау, оларға мотивация беру үшін тренингтер, кездесулер өткізуің керек. Кездесулерден кейін ойы 100 пайызға өзгеретін адамдар болады. Айналаңа бір нәрсе үйрету үшін өзің білімді болуың қажет. Желілік бизнесте адам психологиясын танитын боласың», - дейді Нұрболхан Шарапов.

 

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу