Ырым-тыйымға сенесіз бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ырым-тыйымға сенесіз бе?

29.10.2018

«Shanyraq» бағдарламасының бүгінгі тақырыбы – ырым. Этнографтардың пікірінше, ырым-тыйымға жөнсіз сене беруге болмайды. Ырымға сенуге бола ма? Сіз қалай ойлайсыз?

Студия қонақтары осы сұрақтарға жауап береді.

 

Арайлым Айтқұлова:

Меніңше ырымға сену керек. Ырым мен тыйым - бөлек ұғым. Оларды бала кезімізден ата-аналармыз, ата-әжелеріміз айтып отыратын. Мәселен, малды тебу, адам басын санау – тыйым.

 

Күнсәуле Сайлау:

Мен ырым-тыйымға сенбеймін. Меніңше ол тәрбиелеу мақсатында айтылады. Мәселен, бала құлап жатса, құт, қонақ болады деп жатады. Меніңше, ол тек баланы жылатпау үшін айталатын сөз. Немесе алдынан қара мысық өтсе, адам сәтсіздік болады деп шошиды. Онда тұрған ештеңе жоқ. Мысықтың адамның сәтсіздігіне қатысы жоқ. Ырым-тыйымдар баланы тәртиелеу мақсатында қолданылған құрал.

 

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу