Алименттен қашып жүрген әкелер... - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алименттен қашып жүрген әкелер...

30.10.2018

«Әкенің жақсылығы жездедей-ақ». Дегенмен, сол жездедей жақсылық жасауға жарымай жүрген әкелер толып жатыр. Ер-азаматтардың баласынан безіп, әйелінен ажырасып, алимент төлеуден бас тартуларына не себеп? «Shanyraq» бағдарламасының бүгінгі тақырыбы - қарыздар әкелер туралы. Бағдарлама қонағы алимент өндіре алмай жүрген Ұлбосын Омарова.

«Ажырасқанымызға төрт жылдан астам уақыт өтті. Балам үш жаста еді. Сол жылы алимент өндіруге арыз бердім. Ол кезде жағдайы бола тұра бұрынғы күйеуім алимент төлеуден қашып жүрді. Сот алиментті айына 5 мың теңге деп анықтады. Бірақ, күйеуім соның өзін екі-үш айда бір төлейтін. Ол кезде де сот орындаушысы хабарласпағанша төлемейтін. Баласын іздемейді. 

Қазір ұлым екінші сыныпта оқиды. Жағдайы келе тұра баласының алдындағы жауапкершіліктен қашқаны ақылыма қонбайды. Қазір қарызы миллионнан асып кеткен», - дейді қонақ.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

Хабарламаларға жазылу