29 қараша күні «Загадай желания» атты кинокомедия көрермендерге жол тартады. Кино продюсері, әнші, актер Бүркіт пен Аиша Алматы студиясының қонағы болды.
Бүркіт:
Былтыр түсірген «Логово» киносы халықтың көңілінен шықпады. Ел беретін баға - ерекше.
Халық комедияны жақсы көреді. Осы жолы экшн-комедия түсіруді шештік. Киноны Алматы мен Дубай қаласында түсірдік. Біраз қызықтар болды. Мысалы, квадроциклдеріміз суға батып кетті. Кино жеңіл емес, 120 мың доллар шамасында қаржы кетті. Жақсы туынды деп айта аламын.
Одан басқа жоспарда жаңа әндер бар. Екі бейнебаян түсіреміз. Желтоқсан айында халық назарына ұсынамыз деген ой бар.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.