Ғаламторда «Төмен пайызбен кепілсіз несие береміз» деген жарнамалар жиі кездеседі. Үңіле қарасақ, ақшаны банктегідей 20-30 пайызбен емес, 0,1 немесе 1 пайызбен алуға болатынын аңғарамыз.
Қаражат қажет болғандықтан, неге алып көрмесеке деп бекініп, «qiwi» әмиянына алғашқы жарнаны саласыз. Бірақ, бұл ғаламтор алаяқтары екенін кейін түсініп жатасыз. Бүгінде осылай қақпанға түсіп, опық жеп қалғандардың қатары аз емес.
Психологтардың айтуынша, әдетте мұндай жағдайға көбінесе күйзелісте, қиналып жүрген жандар ұшырайды. Сондай-ақ ер адамдармен салыстырғанда әйелдер тез сеніп, жиі алданып қалады екен.
Ал, жалпы ғаламторда мұндай айлаға алданып қалмау үшін не істеу керек?
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.