Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру басқармасының басшысы Жақсылық Тоқаев «Таңшолпан» студиясында форум аясында көтерілетін өзекті мәселелелер туралы сөз қозғады.
Жақсылық Тоқаев:
Форум Қазақстандағы энергия үнемдеу күнінің 10 жылдығына орайластырылған. Шараға Ресей, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Австрия мемлекеттерінің өкілдері қатысады. Жиында энергиятиімді өнеркәсіп, тұрақты қалаларды дамыту, энергиялық тиімділікті стандарттау және сертификациялау мәселелері қарастыралады.
Сондай-ақ энергия үнемдеу саласының маңызды тұстары талқыланатын болады. Форум аясында Энергия үнемдеу заңына өзгерістер енгізу бойынша тұжырымдаманың тұсауы кесіледі.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.