«Қазақ театрының Мағышы» Торғын Тасыбекова - 80 жаста - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақ театрының Мағышы» Торғын Тасыбекова - 80 жаста

09.11.2018

Қазақ театрының мақтанышы, Қазақстанның Халық әртісі Торғын Тасыбекова 80 жасқа толды. Алматы облысында дүниеге келген Торғын Жылқышықызы бала кезінен өнерге құштар еді. Әкесі ән салатын қызына жылқысын сатып, арнайы домбыра жасатып берген екен.

1961 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының актерлік шеберлік факультетін бітірген. Сол жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданады. Осы жылдан бүгінгі күнге дейін қара шаңырақта қызмет етіп келеді. Осы театрда алғаш ойнаған рөлі – М.Әуезов пен Л.С. Соболевтің «Абай трагедиясындағы» Мағыш. Торғын әр алуан рөлдерде ойнап, өзінің көпқырлы сахналық-орындаушылық өнерімен көрермендер ілтипатына бөленді.

Актриса сомдаған 200-ге жуық рөл қазақ сахнасының қайталанбас мұрасы.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және

Хабарламаларға жазылу