XXI Халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-при иегерлері Нартай Аралбайұлы, Әділжан Годжанов, Шолпан Шарапатова студия қонағы болды.
«Еңбектің еленгені әрдайым жақсы. Шығармашылық адамды мақтап, қолына марапатын беріп қойса, ол шабыт алады. Көрсететін дүниеміз абстрактілі, қолмен ешнәрсе жасап, құрап бермейміз. Десе де, шығармашылық тұрғыдан елдің қажетіне аз да болса жарасақ дейміз.
6 жыл үзілістен кейін фестивальге тілшілердің, журналистердің қайта қосылуы бізді қуантады. Байқаудың халықаралық дәрежеде болғаны жүлдеміздің құнын одан әрі арттырды. Бұл - тұтас Ұлттық арнаның жеңісі», - дейді Нартай Аралбайұлы.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.