Актриса Гүлшат Тұтованың балалық шағы қандай болды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Актриса Гүлшат Тұтованың балалық шағы қандай болды?

15.11.2018

Айсұлу мен Әбсаттар Ахметовтардың шаңырағында Гүлшат 3 ұлдан кейін келген, көптен күткен қыз болатын. Ата-анасы үнемі жұмыста болғандықтан көбіне ағаларының қамқорлығында болған. Ағалары кезекпен балабақшаға апарып, алып қайтады екен. 

Айсұлу апай қызының Роза Рымбаева секілді әнші болғанын қалады. Оның драма театрының актрисасы болатынын естігенде алдымен ренжіген. Кейін театр мен кинода танымал болған соң қызының осы жолды таңдағанына қуаныпты.

Тұңғышбай Жаманқұловтың шеберлік сыныбында дәріс алған Гүлшат группаласы Нұржан Тұтовпен дәм-тұзы жарасып, екеуі шаңырақ көтерді. Бүгінде өнерпаз жұбайлар екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр.

«Балалық шағым өте қызық өтті. Кілең ұл балалардың ішінде өстім. Көшеде қыз балалар аз болатын. Ұлдар далаға шығады, артынан біз де шығып, олар не істесе соны істейтінбіз. Ең үлкен ағам тазалыққа құмар болды. Соның тәрбиесін алдым. Бір-бірімізді жақсы түсінетінбіз.

Бала кезімде қуыршақты жаратпайтынмын. Әкем қуыршақ, кітап әперіп, мені қыз бала етіп тәрбиелегісі келетін. Ол мені қатты еркелететін. Тамақты жай отырып ішпейтінмін, әкемнің желкесіне отырып ішетінмін.

Әртіс боламын деп армандаған жоқпын. Бірақ менсіз ауылда ешбір концерт өтпейтін», - дейді актриса.

 «Бала күнінде Гүлшат сабақты жақсы оқыды. Кітаптың барлығын бөлмеге жайып тастап, түннің бір уақытында ұйықтайтын. 7-ші сыныпқа барғанда мені үйдің тірлігінен босатты. Тамағым да дайын, үйім де жинаулы болатын. Үш ұлдың ішінде өссе де тірлігіне мықты болды», - дейді анасы Айсұлу.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу