Сәуле Әбединова: Тоқалдық қазақта болған, бола да береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сәуле Әбединова: Тоқалдық қазақта болған, бола да береді

15.11.2018

Әлемдік зерттеу бойынша еркектердің 70 пайызы әйелдерінің көзіне шөп салады екен. Бірінің ашынасы, бірінің тоқалы бар.

«Shanyraq»-тың бүгінгі тақырыбы – «Ашына ма, тоқал ма?».

Журналист Сәуле Әбединова студия қонағы болып, өз оқиғасымен бөлісті.

«Тоқал мәселесі – екі, үш адамның арасында шешілетін нәрсе. Бұл ата-бабаларда болған дүние. Басқа ұлтты білмеймін, қазақта болған нәрсе. 21-ші ғасыр болса да қазақ өзгерген жоқ. Ол қазақтың дәстүрі болған, бола да береді.

Тоқалдан трагедия жасайтындарды түсінбеймін. Өз басым шындықты жақсы көремін. Жолдасым бір әйелмен байланысып, одан бала бар екенін айтты. Оны шындықты айтқаны үшін сыйлаймын. 3,5 жыл отау құрдық. Ортада бала бар.

Өмірде талай бәйбіше, тоқалдарды көріп жүрміз. Бірақ одан трагедия жасаған емеспін. Атамның, әкемнің де екінші әйелі болған. Бала кезден көріп, естіп өскендіктен трагедия көрмеймін. 

Тоқал – бәйбішемен материалдық, моральдық, психологиялық құқығы кем емес адам. Ол да бір отбасы. Еркектің күші, шамасы жетіп жатса оған көнбейтін әйел болмайды деп ойлаймын.

Бір айда немесе тек төсек үшін кездесетін – ойнас», - дейді журналист.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

Хабарламаларға жазылу