Мирас Асан: Кітапқа түскен өлеңді халық бәрібір оқиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мирас Асан: Кітапқа түскен өлеңді халық бәрібір оқиды

20.11.2018

Ақын, журналист Мирас Асан «Таңшолпан» бағдарламасында қонақ болып, өзінің жаңа кітабын ұсынды.

«Алғашқы кітабымның аты «Соңғы раушан» болатын. Енді міне, «Сүйесің, жүрек, сүйесің» кітабы жарыққа шығып отыр. Екі кітаптың арасы 7 жыл. Арасында қоғамдық, әлеуметтік салада қызмет атқардым.

Бұл кітап махаббат, азаматтық лирика, поэмалардан тұрады. Біздің алдымыздағы аға буын материалдық тұрғыдан қиналмаса да, ақпараттық тұрғыдан қиыншылық көрді. Ал, біздің буын материалдық жақтан қажыса, ақпараттық жақтан еш проблема жоқ.

Әлеуметтік желіде өлеңді жариялау - жақсы үрдіс. Бірақ, кітаптың қасиеті басқа. Кітапқа түскен өлеңді халық бәрібір оқиды», - дейді ақын.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу