«Мәселе» ұжымы көпбалалы ана мен жалғызілікті әкеге пәтер алуға жәрдемдесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мәселе» ұжымы көпбалалы ана мен жалғызілікті әкеге пәтер алуға жәрдемдесті

24.11.2018

«Мен Лекерова Маржан Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласы Терлікбаев көшесі, 23 үй тұрғынымын. 6 баланың анасымын. Екінші балам Ернұр туғаннан мүгедек. Қалған 5 балам әлі кәмелеттік жасқа толмаған. Ең кіші балам 10 айлық. Мен біреудің құлағалы тұрған үйін жалға алып тұрамын. Менің бала-шағама баспана алып беруге көмектессеңіздер екен деп көмек сұраймын». Біздің редакцияға тәулік сайын қиналған, қажыған қандастардан осындай ондаған хат-хабар келеді. Барар жер, басар тауы қалмаған бауырларымызға теледидар деген құдыреттің көмегімен қолұшымызды тигізейік деп арнайы «Мәселе шешкен мәселе» айдарын аштық. Жаңа ғана оқып берген хаттың иесі, 6 баланың анасы Маржанға қайырымды жандармен бірігіп баспана алып бердік. Дәл сол Шығыс Қазақстан облысында тұратын 5 баланы жалғыз өзі бағып отырған Болат Сейітқазинов есімді жігіт ағасының жанұясына да «Харекет» қайырымдылық қорымен бірігіп, үй сыйладық. Біреудің қуықтай жерін жалдап тұруға мәжбүр болған жалғызілікті әке 5 баласымен 4 бөлмелі өз үйіне кірді.

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу