Би мен шешеннің айырмашылығын біле жүріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Би мен шешеннің айырмашылығын біле жүріңіз

28.11.2018

Шешен деген кім? Шешендік сөз қандай болуы керек? Шешендік өнер - қазақтың қанында бар, атадан балаға мұра болып қалған өнердің бірі. Ерекшелігі – міндеті түрде ауызша айтылып, тарау керек. 

Қазақта би мен шешенді бірдей түсінеді. Бірақ, екеуінің ерекшелігі бар. Би – ресми тұлға, оны халық сайлайды, ол соттың міндетін атқарған. Шешен – халық арасынан шыққан ойшыл адам. Шешен де би секілді дауларға араласқан. Билердің де көбісі шешен болған.

 

Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет – Бөлтірік шешен.

Әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын дәрі еді - Ахмет Байтұрсынұлы.

 

Заманында сөз білетін, жөн білетін адам ел ісіне араласуға, билік, төрелік айтуға құқылы болған. Өйткені олардың сөзінде әділдік бар еді. Солардың қатарында Майқы би, Төле би, Аяз би,  Жиренше шешен, Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек және тағы басқалар бар.

Қазіргі таңда бабалардан қалған сөз құдыретінің дамуына шешендік өнердің насихатталуына жыршылар мен айтыс ақындарының сіңірген еңбегі еселі.

XXI ғасырдағы шешендік өнердің сипаты қандай?

Студия қонақтары филология ғылымдарының докторы Серік Егимов, ақын Берікбол Дәулетұлы, «Айгөлек»  журналының тілшісі Жақсылық Мұратбек осы тақырып төңірегінде сөз қозғады.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу