Қазақ неге мүшелге мән береді? Мүшелге кіру – «аман есен шығу» деген сенім қайдан пайда болды? «Shanyraq»-тың бүгінгі тақырыбы – «Мүшел жастан қорқамын».
Студия қонақтары 12 жылда айналып келетін бұл ұғымның сырлары туралы өз ойларымен бөлісті.
Қайып Табылды:
Мүшел жастан қорқуды бала кезімнен әке-шешім үйреткен. 13 жасымда мал суғарып жүріп, құдықтың түбіне құладым. Оның таңқалатын жері, белден келетін суда талып қалдым. Мені бөтен кісі тауып, аман қалдым.
25 жасымда Астанаға келдім. Керамикалық комбинатта жұмыс істедім. Бір күні бір құрылғы істемей қалып, басыма зақым келді. Ауруханадан бірақ шықтым. Қайта дүниеге келдім десем де болады. 37 жасымда кандидаттық қорғау үшін Мәскеуге бардым. Бірақ одан аман-есен шықтым.
41 жасымда аяқ астынан ауырып қалдым. Дәрігерлер ем таппады. Ақырында емші, бақсыға да бардым. Ешнәрсе болмаған соң атамның басына барып, мал сойып, құрмет көрсеттім. Сол күні тылсым дүние болды. Дауыл, жел, құйын болып, жаңбыр құйды. Содан кейін сауығып кеттім.
Мүшел жас жалғыз қазаққа емес, дүниежүзіндегі елдің бәріне тән. Әлемдегі біраз адамдар мүшел жаста дүниеден озған. Бірақ мүшел жастың қасиетін таныған – қазақ. Қазір мүшел жаста жүрмін. Демек, сақ болып жүрмін.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.