Анар Батырхан: Бағалайтын жігіт болмаса, тұрмысқа шығудың қажеті жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анар Батырхан: Бағалайтын жігіт болмаса, тұрмысқа шығудың қажеті жоқ

12.12.2018

Актриса, блогер Анар Батырхан – сәрсенбілік бағдарламаның жұлдызды қонағы. Анар шығармашылық жолын қалай бастады? Оны өнерге не шабыттандырады?

Анар Батырхан:

4 жасымнан балабақшада ән айтып, мектепте түрлі байқауларға қатыстым. Абай, Мұқағали, Оралхан Бөкей оқуларының лауреатымын. 9 сыныптан кейін мұғалімдерім «өнерге бар» деді.

Өзім Талдықорған қаласының тумасымын. 5 жасымда Алматы қаласына көшіп келдік. Менің өнерім - образ. Өмірде салмақтымын. Музыкалық драма факультетін бітірдім. Бірақ, қазір опера айтпағаныма 10 жыл болды.

Әйелдің мақсаты – отбасын құру, бала сүю. Мен де оны қалаймын. Бірақ, сыйламайтын жігітке тұрмысқа шығудың қажеті жоқ. Өзімді бағалайтын, өнерімді құрметтейтін жігіт болса қарсылығым жоқ.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу