Үйдегі еркелер тапжылмай тамашалайтын мульфильмдерді қашан түсіреміз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үйдегі еркелер тапжылмай тамашалайтын мульфильмдерді қашан түсіреміз?

22.12.2018

Бұл - қазір жұрттың жадына желімдей жабысатын түсініктерді түсіндіретін таптырмас құрал. Ол мультфильм. Амеркалық кинорежиссер, сценарист Орсон Уэллстің «Киностудия балаларға арналған ең үздік ойыншық» дегені бар. Рас, тек бұл ойыншық тұтас ұлттың санасын, елдің баласын улайтын таптырмас құралға айналып барады. Өйткені, бөбек біткен теледидарға телміріп қызылды-жасылды қанық бояумен еліктірген мультфильмдердің бірін жібермей көреді. Көпшілік «әйтеуір бала тыныш болсыншы» деп, жауапкершіліктің жүгін көк жәшікке артады, кейін зардабын тартады. Өйткені, үйдегі теледидарды қоқысқа лақтырып, талқанын шығарсаң да, санасын өзге елдің сайқымазағы билеген баланың бетін бері қарату қиын. Оған біздегі кино мен мультфильм қауқарлы деп айту қақпан қапқан аяғыңды көптен жасырып жапқанмен тең. Өйткені, өзгенің өнімінен бала-шағаңды қорғап, отандық туындыларға тартсаң, әлгілердің сюжеті сүйкімсіз келеді. Ұнамаған соң бөбек жер тебеді, өйткені, қызылды-жасыл шетелдің мультфильміне сенеді.

Өзгенің өнімін тыйғанда, балаға өзіміз не ұсына аламыз? Мамандардың біразы Әмен Қайдардың әйгілі «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мульфильмінен басқа тұшымды туынды табылмайды деп қынжылды. Қайтпек керек? Үйдегі ерке тапжылмай тамашалайтын тамаша туындыны қашан түсіреміз?

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу