Бүгін «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, жазушы, журналист Дәурен Қуат «Таңшолпанға» қонаққа келді.
Журналист: «Қазақ әдебиеті» газетіне редактор болған алты ай ішінде әдебиет, мәдениет, өнер тақырыптарын тереңнен жазып жатырмыз. Газетте осы сала мәселелеріне басымдық берілмек.
Сайтты да жаңартамыз. Тікелей оқырманмен байланыс жасауға жағдай жасайтын боламыз.
Шетелде жүрген қандастарымыздың өмірін, оқып жатқан бауырларымызды газет айналасына шоғырландырмақ ниеттеміз.
Ақындардың рухани нысандарында әдеби кештер өткізуіміз мүмкін. Эстрада әншілерін ғана төбемізге көтере бермей, ақын-композиторларымыздың шығармашылығымен де таныстырмақпыз.
Құдайға шүкір, әдеби шығармалар бар ғой.
Жастар шығармаларына арнап «Жас тұлпар» деген қосымша аштық. Газет ішіндегі газет сияқты. Рухани жаңғыру бағытында жұмыс жасасын, жастар түлесін деп ашып отырмыз. Айдарда ақын-жазушылар ғана емес, суретші, ғалым, социологтар да бар. Біздің газет тек үлкендердің ғана газеті емес. Ол жас буынның, орта буынның, аға буынның да газеті».
Айта кету керек, жазушының бұған дейін екі кітабы жарық көрген.
Жазушы: «Біреуге ұқсап, біреуді қайталап, бірдеңе жазудың қажеті не? Мен оның жаңғырығы, көлеңкесі боламын ғой.
Мен прозада аңыз-әфсаналарды жаңғыртып жүрген жазушымын. Ескере бермейтін аңыз-әфсаналарымыз бар ғой. Неге бүгінгі көркем әдебиетте жаңғыртпасқа деп қолға алдым».
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.