Халықтың жыл санау есебінде 12 жыл, 12 мүшел түсінігі бар екені белгілі. Ол туралы VIII ғасырда Күлтегін ескерткішінде және II ғасырда өмір сүрген Махмұд Қашқаридің еңбектерінде жазылған. Сонымен қатар, «Шипагерлік баян» кітабының авторы, ғұлама ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлымен қатар өмір сүрген атақты Әмір Темірдің немересі Ұлықбек 1 жыл 365 күн 6 сағат 9 минут 15 секундтан тұрады деп тұжырымдаған.
Әдетте, қазақша жыл санау тышқан жылынан басталады. Әрі қарай сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз деп аяқталады.
12 мүшелге негізделген ескіше жыл қайырудың басты артықшылығы – әр адам өзінің қай жылы туғанын және неше мүшелге толғанын біле алады. Мысалы, бірінші мүшел 13 жаста болса, оған 12 жылды қосып келесі мүшелді білуге болады.
Ескеретін жай - жыл қайырудың соңғы жылы болып саналатын доңыз жануарын кәдімгі үй шошқасымен шатастырмау керек. Қабан - орман, тоғайда түлеп, шөп-тамырмен қоректенетін таза аң. Өте өжет, қайсар, ақылды. Бір топ көкжалға жалғыз төтеп бере алады. Сондықтан да, жұрт дарабоз батыр Ерасылды Қабанбай деп атаған.
Қазақ доңыз жылын берекелі болады деп ырымдаған. Расымен де, 2019 жыл – «Жастар жылы» деп белгіленді. Осы жыл еншісінде жастар әлеуетін көрсетуге мүмкіндік бар. Жаңа жылда батыр бабамыздай батыр ұлдар келсін деп тілейік.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.