Бүгін «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлмира Мұхтарова «Таңшолпанға» қонаққа келді. Хабар барысында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы қорық-музейінде қалай көрініс табатыны талқыланды.
Гүлмира Мұхтарова:
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне келесі жылы он жыл болады. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген барлық мәселе біздің қорық-музейде толықтай қамтылған. Музейде 5 экспозициялық зал бар. Бұл залдардың үшіншісі «Қазақстан археологиясы» деп аталады. Осы залда сонау тас дәуірінен бастап орта ғасырға дейінгі жәдігерлер қойылған. Ол металлургия өңдеу, жылқыны қолға үйрету, «Алтын адам», аңдық стиль.
Қорық-музейдің негізгі тақырыбы – сақ обалары және «Алтын адам». «Алтын адам» 1969 жылғы зерттеу нәтижесінде табылды. «Алтын адам» 40 мыңнан астам алтын әшекеймен безендіріліп, жерленген. Алтын әшекейлердің өзін өңдеу – металлургия, киімі мен аяқ киімі - аңдық стиль. Бұл сол кездегі сақ дәуірінің стильдік негізі. Ол стильдің ерекшелігі - жануарлардың қозғалыстағы бейнесі.
70-ші жылдар Қазақстанның археологиялық ғылымы енді дамып келе жатқан уақыт. «Алтын адамның» сол кезде табылуы археологиялық ғылымға серпіліс берді. Одан басқа зерттеу жұмыстары нәтижесінде түркі дәуіріне жататын жылқылардың қаңқа сүйектері табылған.
Студия қонағы сұхбат барысында қорық-музейдің Қытай Халық Республикасымен бірлескен жұмысы туралы айтып өтті.
«2016 жылдан бастап Қытай Халық Республикасының Сиян қаласындағы археологиялық зерттеу мекемесімен бірлесіп жұмыс жасаймыз. Қазба жұмыстары нәтижесінде 2017 жылы үлкен пеш табылды. Ол ата-бабамыздың металды, қышты өңдеуге арналған пеші. Бұл асықпай зерттеуді талап етеді. Қытайдың әдістері - олар асықпайды екен. Мысалы, бір қорғанды 7 жыл зерттейді. Қазбаны ерте түрік дәуірі деп есептейміз, бірақ болашақта зерттеу жұмыстары нәтижесін тағы көрсете жатар».
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.